Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар БАР ЖАҚСЫЛЫҚ ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

БАР ЖАҚСЫЛЫҚ ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

Қоныс тепкен өңірдің қоқыстан ада болғаны аудан үшін де, кез келген адам үшін де абырой. Тазалыққа тастай талап қажеттігі белгілі. Алайда, жұмыла жұмыс жасамасақ, бәрі бекер. Ауланың тазалығы жағынан біріміз бірімізге үлгі болсақ, бұл тұста бізде мәселе де болмайды.
11.09.2018 18:58:47 | 217 рет қаралды


Көктемгі маусымда сенбілік кезінде біраз шаруаның беті бері қарады. Кент орталығындағы қаншама көше тазартылып, аяқсу келер арықтар қайта қалпына келді. Нәтиже де жаман емес. Сол уақытта арық жиегіне орналастырылған қалемшелердің көбісі көктеді. Сол нәтижелі жұмыс кент тұрғындарын күзде қайта күтеді. Сарғайған жапырақтардың жерге түсіп, желмен ұшқан басқа да қоқыстардың өңірдің өңін қашыратын шағы да осы емес пе?. Бірақ, оған алаңдайтын біз жоқ. Себебі, сенбілік десе қай істің болса да ортасынан табылатын белсенді тұрғындар барда тиісті жұмыстардың тұралап қалмасы да анық.

Аудан азаматтары сенбілікке селқос қарамайтынын мұнан бұрын да көрсеткен еді. Осы маусымда да сол дәстүрден жаңылған жоқ. Әрбір мекеме өзіне тиесілі аймақтарды белгілеп алғаны аптаның басында ғана еді. Өткен сенбіде кенттің тазалық жұмыстарына талаптанып келген жұрттың қарасы қалың болды. Осының өзі қоршаған ортаның тазалығына баршамыздың жауапты екенімізді әрбір азаматтың сезінгенін аңғартады. Бір күннің өзінде біраз шаруа жүзеге асты. Ауданның кей жерлері қоқыстан тазартылып, арықтар қайта қалпына келді. Күзгі сенбілік маусымының 10 қарашаға дейін жалғасатынын ескерсек, көптің көмегімен қыруар іс тынары сөзсіз.

Жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынын жалағаштықтар жақсы біледі. Әрбір мекеменің қызметкері, мұғалімдер мен ақ халатты абзал жандардың апта аяғында ауданның тазалығына атсалысуы бұл сөзімізді қуаттайды. Олардың қарашаның қоңыр салқынына дейін қыруар іс тындырарын сенбіліктегі құлшынысынан айқын аңғарасың. Тазалыққа келгенде тастай талапты әрбір тұрғын өз-өзіне қойса, кенттің көркеюі қас-қағымда.

Қайткен күнде де барлық жақсылықтың тазалықтан басталатынын ұмытпаған абзал.

Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру