«Байконур START-UP» Бизнес-идеялар
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Байконур Start-up» бизнес-идеялар байқауына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғандығы жөнінде хабарлайды.
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Байконур Start-up» бизнес-идеялар байқауына қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғандығы жөнінде хабарлайды.
Байқауға Қызылорда қаласы және облысының барлық аудандарының жас тұрғындары (18 бен 29 жас аралығы) қатыса алады.
Облыстық «Байконур Start-up» бизнес-идеялар байқауын өткізудің негізгі идеясы, инновациялық қызметпен және кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы, неғұрлым талантты және әлеуметтік жауапты жастарды анықтау және қолдау, олардың бизнес-идеяларын жүзеге асыруға жәрдемдесу.
Байқауға қатысу үшін 2017 жылдың 10 желтоқсанына дейін 401057a@gmail.com электрондық мекен-жайына байқаудың ережесіне сәйкес толтырылған қатысушы өтінімін жолдау қажет.
Байқаудың өткізілу уақыты мен орны қосымша хабарланатын болады.
Қосымша ақпарат келесі телефондар бойынша: 8 (7242) 40-10-57, 8 (708) 244-14-90.
6.12.2017