Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар Бес сұрақ айдары. Қараша.

Бес сұрақ айдары. Қараша.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ. Сұрақ-жауап.
27.11.2019 23:43:50 | 17 рет қаралды



1.Қайырлы күн, биыл мен 59 жасқа толамын. Көп ұзамай Қордан зейнетақы төлемдерін рәсімдеуім керек. Туған күнім – 31 желтоқсан. «Жаңа жылға дайындаламыз деп жүріп, бұл күні өтініш беріп үлгермеймін бе»,- деп қорқамын. Егер өтінішті алдағы жылдың басында берсем қалай болады? Туған күнге дейін беруге болмайма? Өтінішті қайда беруім керек?

Зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнет жасына толған әйел (2019 жылы - 59 жас) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының жергілікті Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуі керек. Сәйкесінше егер Сіз биыл үлгере алмасаңыз, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1 тармағына сәйкес зейнетақы төлемдерін алдағы жылы тек 59,5 жасқа толғанда ғана рәсімдей аласыз. 

Сондықтан егер зейнет жасына биылғы жылдың 31 желтоқсанында толатын болсаңыз, онда оған 10 күн қалғанда, яғни 21-31 желтоқсан аралығында Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өтініш беруіңізге болады. Өйтпеген жағдайда, зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін тағы 6 ай күтуіңізге тура келеді. Себебі, жоғарыда айтып өткеніміздей, әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы жыл сайын 6 айға ұзартылып отырады. 

Еске саламыз, 2018 жылдың қазан айынан бастап «Бір терезе» қағидаты бойынша Композиттік қызмет іске қосылды. Соған сәйкес зейнет жасына толған азаматтар мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық және ортақ зейнетақыны, сонымен қатар БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерін рәсімдеу үшін бірыңғай өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінеді.Бұл ретте алушы жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстыру үшін түпнұсқасын, сондай-ақ банк шоты туралы мәлімет ұсынады. Әрі қарай жиынтық зейнетақы төлемдері бекітілген кесте бойынша ай сайын алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына бір мезгілде аударылып отырады.


2.  Мен кенші болып жұмыс істеймін. Таяуда жұмыс берушім мен үшін өз қаражаты есебінен айлық табыстың 5 пайызы көлемінде Қорға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуы керектігін естідім. Мен жұмыс берушінің осы жарналарды Қорға дер кезінде аударып отырғандығын қалай білуіме болады?  

Қазіргі уақытта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың бірқатар ыңғайлы тәсілдерін ұсынады. Атап айтар болсақ, Сіз шотыңыздағы зейнетақы жинақтарыңыз туралы  ақпаратты:

- Қор кеңсесіне тікелей бару арқылы(Қордың 215 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді);

- пошта байланысы арқылы (үзіндіи көшірме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішінде көрсетілген мекенжайына жолданады);

- электрондық пошта арқылы (зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының шот ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімде көрсеткен электрондық поштасына (таңдауына қарай: ай сайын, үш ай сайын, жарты жылда бір рет) жолданады);

- интернет байланысы арқылы (логин мен құпиясөз немесе электрондық цифрлық қолтаңбанының (ЭЦҚ) көмегімен, enpf.kz сайтының «Жеке кабинет» бөлімі және ұялы телефонға жүктелген ENPF ұялы қосымшасы арқылы) ала аласыз.

Бұлардан басқа ЭЦҚ көмегімен e-gov.kz сайтының «Әлеуметтік қамтамасыз ету» - «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескереотырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» бөлімі арқылы да алуға мүмкіндік бар.

Әрине, осы тәсілдердің ішінде ең ыңғайлысы – интернет байланысы. Ол бүгінде салымшылар мен алушылар арасында кеңінен танымал. Өйткені ол шоттың жай-күйін кез келген уақытта, кез келген жерде жылдам алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қордың смартфондар мен планшеттерге арналған мобильді қосымшасын пайдалануға болады.

Ал егер шотыңыз бойынша ақпаратты Қор мамандарынан алғыңыз келсе, онда Қордың жергілікті бөлімшесіне жүгіне аласыз. 

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қорға табыстар алынған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді. Оның толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.

Жұмыскер жалақы алғанына қарамастан жұмыс беруші уақытылы ұстап қалмаған және Қорға аудармаған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын мемлекеттік кіріс органдары есептелген өсімпұлмен бірге өндіріп алады және Қорға аударуды жүзеге асырады. Бұдан басқа салық қызметі органдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегі бар және оларды алты айдан астам уақыт бойы өтемей келе жатқан жұмыс берушілердің тізімін жариялап отырады.


3. Саламатсыз ба, менің әкем екінші топтағы мүгедек. Оған Қордың бөлімшесіне келу өте қиын. Сұрайын дегенім, Қордың зейнетақы қызметтерін үйде алуға мүмкіндік бар ма?

«БЖЗҚ» АҚ әрбір салымшының (алушының) қамын ойлайды және өзінің зейнетақы қызметтерін әр ыңғайлы тәсілмен ұсынуға тырысады.2015 жылы «Мобильдік агент» жобасын іске қосты. Ондағы мақсат – халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне, сондай-ақ жергілікті ұйымдар мен кәсіпорындарға және режимдік нысандарға барып, зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі жайында таныстырылымдық шаралар өткізу және қызмет көрсету. Осылайша Қор қызметінің ашықтығын, сапасы мен қолжетімділігін арттыру.

«Мобильдік агент» жобасы аясында Қордың барлық өңірлік филиалдарында Барып қызмет көрсету бөлімдері құрылған. Осылайша қандай да бір себеппен, бірінші кезекті денсаулығына байланысты Қор кеңсесіне келе алмайтын салымшы зейнетақы қызметін үйінде алу үшін Қордың байланыс орталығының 1418 тегін телефонына хабарласып, жағдайын айтып, өтініш қалдыра алады. Сондай-ақ enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету»-«Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін электрондық өтініш беру» бөліміне кіріп, тиісті нысандарды толтырып, электрондық өтініш қалдыруға да болады.  Қор қызметкерлері өтініш берген салымшыға хабарласып, жағдайын анықтап, кездесу уақытын белгілейді. Сөйтіп, 5 жұмыс күні ішінде үйіне барып онлайн тәртібінде қызмет көрсетеді. Бұл үшін Қор мамандары өздерімен бірге арнайы ноутбук, принтер, модем және басқа да қажетті құрылғыларды алып барады.

Мінеки, мұның барлығы салымшылар мен алушыларға барлық маңызды зейнетақы қызметтерін үйде алуға мүмкіндік береді. 


4. Менің жұбайым өзінің зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударып еді. Алғашқы төлемді алып та үлгерді. Алайда ақылдаса келе бұл қызметтен бас тартуды жөн көрдік. Енді сақтандыру компаниясына аударған жинақтарымызды Қорға кері қайтара аламыз ба?

Өкінішке қарай, сақтандыру ұйымына аударылған зейнетақы жинақтарын Қорға қайтаруға мүмкіндік жоқ. Өтініштің күшін зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударғанға дейін ғана жоюға болады. Зейнетақы заңнамасы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алушының тиісті құжаттарын алған соң, оның зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына 10 жұмыс күні ішінде аударады. Демек алушы жеке басын куәландырушы құжатпен Қорға осы уақыт ішінде барып барып үлгеруі тиіс.


5. Мен таяуда 63 жасқа толдым. Қазір зейнеткермін. Бірақ жұмысымды одан әрі жалғастырып жатырмын. Әлі де істей бергім келеді. Менің білейін дегенім, зейнеткер болсам да жалақымнан міндетті зейнетақы жарналары ұстала ма?

Жоқ,ұсталмайды. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2 тармағына сәйкес зейнет жасына толған азаматтар Қорға міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бірақ олар өз еркімен ерікті жарналар аударуға құқылы. Бұл үшін БЖЗҚ-мен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қажет. Бұл ретте жарналардың мөлшері мен аудару жиілігін салымшының өзі белгілейді.




Ақпарат көзі: https://www.enpf.kz

Кіру