Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар «БЕСІК ЖЫРЫ» АТТЫ АУДАНДЫҚ АНАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«БЕСІК ЖЫРЫ» АТТЫ АУДАНДЫҚ АНАЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Жалағаш аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйытқысымен «Бесік жыры» атты аудандық аналар байқауы өткізілді.
04.07.2018 02:48:34 | 222 рет қаралды


Халқымыздың ұлттық  дәстүріне айналған бесік жырын, дәстүрлі мәдениетімізді насихаттау, ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу, ұрпақ жадында жаңғырту, ел ішінде бесік жырын білетін аналарымыздың белсенділігін арттыру, орындалған бесік жырларын халыққа жария ету мақсатында, сондай-ақ Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Мәдениет және өнерді дамыту орталығында «Жалағаш аудандық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйытқысымен «Бесік жыры» атты аудандық аналар байқауы өткізілді.

Байқауға ауылдық округтерден 25-40 жас аралығындағы 11 адам қатысты. Байқауға қатысушылар ең алдымен өздерін таныстырып, бесік жырын айтты. Сондай-ақ өз өнерлерін ортаға салып, қазақтың салт-дәстүрлеріне, наным-сенімдеріне байланысты сұрақтарға жауап берді. 4 кезеңнен өткен байқау нәтижесінде Бұқарбай ауылынан келген Болысбекқызы Бақытгүл І орын иегері атанса, Ақсу ауылдық округі мен Шәменов ауылдық округінен келген қатысушылар ІІ, ІІІ орынға тұрақтады. Жарыс соңында барлық қатысушыларға және жеңімпаздарға қоғамдық бірлестіктің арнайы диплом, Алғыс хат, естелік сыйлықтары табысталды.





















Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру