Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар «БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ» ДРАМАСЫ САХНАЛАНДЫ

«БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ» ДРАМАСЫ САХНАЛАНДЫ

Бүгін Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрының әртістері Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» драмасын көрерменге ұсынды.
02.05.2019 19:45:21 | 89 рет қаралды


Спектакль туған ауыл, өзі өскен шаңыраққа деген әрбір адамның парызын қайта оралтып, көп ойларға жетелейді. Ауылда мүгедек баласымен қалған ана мен қалада тұратын балалардың кереғар тірліктері жаныңды күйзелтіп, көңіліңді мұңға бөлейді. Психологиялық драманың мәні әрбір көрерменге туған ел мен туған жермен қатар, туған шаңырақ пен ата-ананың алдындағы перзенттік парыздың бар екенін паш етеді. 

Спектакль соңында аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов театр ұжымына аудан халқы атынан алғысын білдіріп, Жалағаш ауданы әкімінің Алғыс хатын табыстады.







Ақпарат көзі: http://zhalagash.gov.kz/

Кіру