Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар БИЫЛ "АҚТЕРЕК" САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНДЕ 6 АУЫСЫМДА 482 БАЛА ДЕМАЛАДЫ

БИЫЛ "АҚТЕРЕК" САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНДЕ 6 АУЫСЫМДА 482 БАЛА ДЕМАЛАДЫ

«Ақтерек» сауықтыру лагері 1999 жылы асар әдісімен салынып, пайдалануға берілген. Лагерде 4 жатын ғимараты, 80 орындық 1 асхана жұмыс жасайды.
18.06.2019 11:33:30 | 31 рет қаралды

«Ақтерек» сауықтыру лагері 1999 жылы асар әдісімен салынып, пайдалануға берілген. 
Лагерде 4 жатын ғимараты, 80 орындық 1 асхана жұмыс жасайды.

«Ақтерек» сауықтыру лагеріне биылғы жылы 1 млн теңгеге жай жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Кір жуатын құрал-жабдықтар сатып алуға, сонымен қатар кір жуатын орын және монша салуға жоба-сметалық құжатына бюджеттік өтінім ұсынылды.

Лагерде 6 ауысымда 482 баланы демалыспен қамту жоспарланып отыр. Әрбір ауысымда 80 бала демалады. Қазіргі таңда 2-ауысым жұмысын бастады.

Лагерде жазғы маусым кезеңінде 6 ауысым бойынша (1 маусым-15 тамыз айларында) мектеп педагогтары мен техникалық қызметкерлері жұмыс жасайды.

Лагерде Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен қолөнер, бейнелеу өнері, роботехника, волейбол, ағылшын тілі үйірмелері жұмыс жасайды.

Сонымен қатар әрбір ауысымда мектеп педагог-психологтардың психолог сағаттары өткізіледі.

Ақпарат көзі: -

Кіру