Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар Биыл Чернобыль атом электр станциясында болған қайғылы жағдайға 32 жыл

Биыл Чернобыль атом электр станциясында болған қайғылы жағдайға 32 жыл

Осыдан 32 жыл бұрын Чернобыль қаласындағы апат зардабынан қаза болғандарды еске алу және апатты залалсыздандыруға қатысқан жерлес азаматтарды қабылдап, құрмет көрсету шарасы өткізілді.
27.04.2018 18:59:52 | 252 рет қаралды


Сұм апат зардабында қаза болғандарды еске алу күніне орай бүгін аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев апатты залалсыздандыруға қатысқан жерлес азаматтарды қабылдап, құрмет көрсетті.

- Осыдан 32 жыл бұрын Чернобыль қаласындағы апат мыңдаған адамның өмірін қиды. Апат зардабын жоюға 32 мың қазақстандық қатысқан болатын. Адамзат тарихындағы осы оқиға әрбір қазақстандықтың жадында мәңгі сақталмақ.

 Ауданымызда Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан 10 жауынгер болса, қазіргі кезде 5-еуі ауданда, 4-еуі өзге өңірлерге қоныс аударса, 1-еуі қайтыс болған. Бүгінгі жүздесуді пайдалана отырып, ауданымыздың қоғамдық саяси жұмысында белсенділік танытып жүргендеріңіз үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Егемен еліміздің игілігін бірге көрейік, — деді аудан басшысы.

Жүздесу барысында ғасыр апаты жайлы айтылып, еркін әңгіме өрбіді.

Сондай-ақ, Қайратбек Әубәкірұлы апатты залалсыздандыруға қатысқан барлық азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хаттарын және естелік сыйлықтар табыстады.















Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру