Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар БҮЛДІРШІНДЕР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

БҮЛДІРШІНДЕР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

Елбасы кешегі Қазақстан халқына Жолдауында білім саласын ілгерілетудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыруда тек орта мектептер ғана емес, балабақшалар да жақсы жұмыс жасау қажеттігін ескертті.
06.11.2018 18:41:54 | 110 рет қаралды


Негізінен білімнің алғашқы баспалдағы мектепке дейінгі білім беру мекемелері екені баршаға аян. Сондықтан, алғашқы ілімнің іргетасы берік қалансын десек, Елбасы айтқандай балабақшадағы білім беру ісін жетілдіруді бірінші кезекке қоюымыз керек. Бұл ретте саяси құжатта жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда кент орталығындағы «Інжу-бөбек» ясли-балабақшасы белсенділік танытуда. Мұндағы балалардың ой-өрісін дамыту мақсатында түрлі шаралар өткізуді тәрбиешілер қолға алып келеді.  Кешегі алтын күз мерекесі қарсаңында да «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» тақырыбында ертеңгілік ұйымдастырылды. Бір ғана шараның барысында мұндағы бүлдіршіндер күз мезгілі жайында өз ойларын ортаға салып, мезгілдің бүгінгі келбетін қағаз бетіне түсірді. Берекесі мол күз мезгілі жайында түрлі тақпақтар айтып, мәнерлеп өлең де оқыды.

 

Шарада балабақша бүлдіршіндері алуан түрлі дақылдарды бейнелейтін костюмдер киіп, жеміс-жидектерден қолөнер бұйымдарын жасаудан сынға түсті. Олардың жасаған бұйымдарынан келешек ісмердің алғашқы еңбегін көрдік. Бұл мектепке дейінгі білім беру мекемесі жалпы бүлдіршіндердің ақыл-ойын дамыту мақсатында әр мезгілде мұндай шараларды өткізуді дәстүрге айналдырып келеді.

Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру