Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар БҮЛДІРШІНДЕР СЫНҒА ТҮСТІ

БҮЛДІРШІНДЕР СЫНҒА ТҮСТІ

Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде «Балапан жұлдыз» атты аудандық байқау өтті. Оған ауданға қарасты балабақ-шалардан өнерлі тәрбиеле-нушілер қатысты.
23.07.2019 12:24:27 | 78 рет қаралды

Жуырда Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде «Балапан жұлдыз» атты аудандық байқау өтті. Оған ауданға қарасты балабақ-шалардан өнерлі тәрбиеле-нушілер қатысты.
Бала шығармашылығын дамы­ту, өнерге жақын талантты бүлдіршіндерді үлкен байқауларға қатысуына жол ашу мақсатында ұйымдастырылған шара үш кезеңнен тұрды. Балабақша тәрбиеленушілері бірінші кезеңде «Мен елімнің мақтанышымын» тақырыбында өздерін таныстырса, екінші кезеңде «Мен елімді сүйемін» атты патриоттық әндерді орындады. Ал соңғы кезең бойынша «Мен жұлдыз боламын» тақырыбында танымал өнер иелеріне пародия жасады. 
Байқау нәтижесінде аудандық «Жас қанат» балабақшасының бүлдіршіндері Нұрай Темірбек бас жүлдені алса, Кәусар Ержанқызы «Сахна еркесі» номинациясын иеленді. Белсенді балалардың топ ішінен үздік шығуына еңбек сіңірген балабақша әдіскері Меруерт Қайратқызы, жетекшілері Жансая Нұрғали, Жадыра Доларестің еңбегін ерекше атап өтуге болады.

Ақпарат көзі: -

Кіру