Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫНЫҢ ЗАРДАБЫН ЖОЮҒА ҚАТЫСҚАН АЗАМАТТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫНЫҢ ЗАРДАБЫН ЖОЮҒА ҚАТЫСҚАН АЗАМАТТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінде Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында кездесу болып өтті.
03.05.2019 17:17:46 | 85 рет қаралды



Бұл шараға Чернобыль апатының зардабын жоюшылармен қатар колледж студенттері, ұстаздар, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Шарада Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан Серікбай Ибраев сөз сөйлеп, сол бір сұрапыл жылдардағы естеліктермен бөлісті.

- Осыдан 33 жыл бұрын, дәлiрек айтқанда, 1986 жылдың 26 сәуiрiнде дүние жүзiн дүр сiлкiндiрiп, адам айтқысыз алапат апат болды. Ол Украинадағы Чернобыль атом-электр стансасының жарылысы едi. Бұл апаттан 2 миллионға жуық адам зардап шектi. Ауданымыздың бірқатар азаматтары да бұл жарылыстың зардабын шекті, - деді С.Ибраев.

Жастарды патриотизмге тәрбиелеуде маңызы зор бұл шарада қатысушылар сұрақтарын қойып, ризашылықтарын білдірді.

Айта кету керек, Чернобыль АЭС-індегі апатын жоюға 800 қызылордалықтар қатысса, оның ішінде 10-ы Жалағаш ауданынан.

 

Ақпарат көзі: http://zhalagash.gov.kz/

Кіру