Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ДӘУІР ТҰЛҒАСЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

ДӘУІР ТҰЛҒАСЫНА АРНАЛҒАН ШАРА

Кеше Қызылорда қаласында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрмесі өтті. Жобаның негізгі мақсаты Елбасының тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рөлін кеңінен насихаттау болып табылады.
10.04.2019 20:34:44 | 106 рет қаралды


Көрмеде ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың комсомол-металлург кезінен бастап Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, Қазақстан КП орталық комитетінің бірінші хатшысы, Жоғарғы Кеңес төрағасы және еліміздің Тұңғыш Президенті болып сайланғанға дейінгі еңбек жолын баяндайтын мыңға жуық құнды құжаттар мен фото, бейнематериалдар қойылды.




– Көшпелі жоба көрмемен ғана шектелмейді. Онда аймақтық кәсіби сессия, тақырыптық дәрістер, шеберлік сыныптары мен семинар-тренингтер, сондай-ақ, алыс және жақын шетел ғалымдарының қатысуымен өтетін халықаралық ғылыми конференциялардан тұратын ауқымды шараларды да қамтимыз. Ең маңыздысы, біз тек үлкен қалаларда жәдігерлерді көрсетумен шектеліп қоймай, аудан орталықтарына да барамыз. Мемлекетіміздің күрделі жолы туралы айтып, өткен ғасырдың 90-жылдарындағы қиын жағдай мен қазіргі орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуға дейінгі жолды ашып көрсетуіміз керек, – деді кітапхана директоры Әмірхан Рахымжанов.
Айта кетейік, аталған көрме өткен аптада Шиелі және Қармақшы аудандарында өткен болатын. Мәдени шараны көріп, тамашалаушылардың қатары көп. «Тарихи таңдау. Бастау», «Тарихи таңдау. Өрлеу», «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» және «Атамекен» тақырыптарын қамтыған көрменің маңыздылығы зор. Елбасы кітапханасының көшпелі көрмесі 2017 жылдың қарашасынан бастап жүзеге асырылып келеді. Осы уақытқа дейін бұл экскурсиялық топ Алматы қаласында, Түркістан, Атырау, Ақтөбе облыс­тарында және Шымкентте ұйымдастырылып, көрмені 730 мыңнан астам адам тамашалаған.



Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру