Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар "ЖАЛАҒАШ АРУЫ - 2019" БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

"ЖАЛАҒАШ АРУЫ - 2019" БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін "Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Жалағаш аруы - 2019» байқауы болып өтті.
18.03.2019 16:34:15 | 166 рет қаралды


Байқау басында аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов сөз сөйлеп, өткізіліп отырған байқаудың мақсаты мен ерекшелігіне тоқталып, қатысушы ару қыздарға сәттілік тіледі. Байқауға арнайы кастингтен өткен 6 ару қыз қатысып, 4 кезең бойынша бақ сынасты.

Байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлде: Қоңыратбай Аружан - Жалағаш кенті, "Кәусар" балабақшасы.

1 орын: Ақтау Гүлжайна - Жалағаш кенті, Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейі.

2 орын: Ермағанбет Айтолқын Мырзағалиқызы - Жалағаш кенті, З.Жарқынбаев атындағы №202 орта мектеп.

3 орын: Қабылбек Ақбота Әлімбекқызы - Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылы.

"Сымбатты ару" номинациясымен: Қиланова Мөлдір Ақынқызы - Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылы.

"Инабатты ару" номинациясымен: Айтбай Айсұлу Орынбасарқызы - Жалағаш ауданы, Еңбек ауылы иеленді.

Сонымен қатар, ауданымыздың жас кәсіпкері Н.Фахриддинұлының "Көрермен көзайымы" номинациясымен арнайы дайындаған сый-сияпаты және алғыс хатымен Аружан Қоңыратбай, ал ауданымыздың жас әншісі, композитор Р.Бурабайдың "Өнерлі ару" номинациясымен арнаулы сыйлығы және алғыс хатымен Ақтау Гүлжайна марапатталды.

«Жалағаш аруы-2019» байқауының жеңімпазы «Қолөнер» ұлттық нақыштағы орталығының арнайы дайындаған ауыспалы тәжімен және ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Байқау жеңімпазына берілген тәж ауыспалы болып табылады және тәжді 2019 жылдың аруы өзінде 1 жыл сақтап, келесі 2020 жылдың аруына табыстайтын болады.

Ақпарат көзі: http://zhalagash.gov.kz

Кіру