Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратының ашылу салтанаты өтті

Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратының ашылу салтанаты өтті

Аудандық ішкі істер бөлімінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында облыстық бюджет есебінен жаңа ғимарат салу мәселесі қолға алынып, Қазақстан полициясы күні мерекесі қарсаңында, яғни бүгін облыс әкімінің қатысуымен Жалағаш кентінің көркін аша түсетін, қоғам үшін пайдасы зор, жаңа аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.
23.06.2018 13:33:24 | 383 рет қаралды

Осы уақытқа дейін тозығы жетіп, талапқа сай келмейтін, жабдықталмаған шағын бөлмелерден тұратын ғимаратта орналасқан аудандық ішкі істер бөлімі, бүгінде республика бойынша заман талабына сай жабдықталған алғашқы жаңа нысандардың қатарында.

Жалағаш кентінде ашылған аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратының сметалық құны - 929 млн 536 мың теңгені құрайды. Құрылыс жұмысының бас мердігері - «ОРИОН LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жалпы аумағы 2424,60 шаршы метр аудандық ішкі істер бөлімінде 1681,70 шаршы метрді құрайтын Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарына ортақ уақытша ұстау изоляторы орналасқан. 
















 

Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру