Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ – АУДАНДАР АРАСЫНДА КӨШ БАСЫНДА

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ – АУДАНДАР АРАСЫНДА КӨШ БАСЫНДА

28 маусым күні аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен жоғары балл жинаған мектеп түлектерін салтанатты түрде қабылдады.
30.06.2018 01:16:40 | 335 рет қаралды


 Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына 246 түлегіміз қатысып, 22 мектеп түлегі «Алтын белгі», 7-еуі «Үздік аттестат» иегері  атанды. 

Аудан әкімі сөзінде :  - Әрине бұл ауданымыз үшін үлкен жетістік – дей келе, Ұлттық бірыңғай тестілеуде өз білімдерін дәлелдеп, ауданның мектебінің, ата-анасының мәртебесін көтерген түлектерді марапаттап, сый-сыяпат көрсетті.

Білім бәйгесінде оза шапқан түлектерге ішкі рухани қазынаның молаюына  септігін тигізетін, шығармашылық шабыт берер қазақтың ұлттық аспабы – киелі домбыраны, қазақ мәдениеті мен ақыл-ойының заңғар биігі Абай Құнанбайұлының ғақлиялары және Бауыржан Момышұлының аса құнды шығармасы, қазақ руханиятының қазынасы саналатын, салт-сананы, дәстүрді, ұлттық келбетті айқындайтын «Ұшқан ұя» кітабы сыйға тартылды.

Сондай-ақ, кездесуде облыстық мәслихат депутаты, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің төрайымы Байназарова Райкүл Мансүрқызы сөз алып, мектеп директорлары мен ұстаздарға кәсіподақ комитетінің қолдауымен Арал ауданы «Қамбаш» сауықтыру орталығына 45 жолдама тапсырды.


#Жалағаш_ауданы

#Біздің_жетістік
















 

Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру