Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА БАСПАНАҒА МҰҚТАЖ 1 ОТБАСЫ ҮЙЛІ БОЛ

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА БАСПАНАҒА МҰҚТАЖ 1 ОТБАСЫ ҮЙЛІ БОЛ

5 маусым аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев Жалағаш кентінің тұрғыны, мектеп жасындағы 4 баласы бар жалғызбасты ана Гүлмира Ақылбаеваға демеушілердің есебінен 2 бөлмелі үйдің кілтін табыстады.
07.06.2019 11:18:54 | 72 рет қаралды

5 маусым аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев Жалағаш кентінің тұрғыны, мектеп жасындағы 4 баласы бар жалғызбасты ана Гүлмира Ақылбаеваға демеушілердің есебінен 2 бөлмелі үйдің кілтін табыстады.

- Жалпы аудан кәсіпкерлері, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, әр мерекеде тұрмысы төмен отбасыларына көмек көрсетіп келеді. Соның бір дәлелі ретінде айтатын болсақ, ауданымыздағы бірқатар кәсіпкерлерге аудан әкімдігі тарапынан бір тұрмысы төмен отбасына тұрғын үй алып беруге ұсыныс айтылды. Кәсіпкерлер бұл ұсынысты қолдап, бүгінгі Айт мерекесі қарсаңында пәтер кілтін табыстағалы отырмыз, - деді аудан басшысы өз сөзінде.

Айт кету керек, қазіргі таңда аудан бойынша 4 және одан да көп бала тәрбиелеп отырған аналар саны – 842, «Күміс алқа», «Алтын алқа» иегерлері – 1077.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес 738 отбасы тұрмысы төмен отбасы ретінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алады.

Үстіміздегі жылдың сәуір айында 53,0 млн теңге атаулы әлеуметтік көмек төленсе, мамыр айында 78,3 млн теңге көмек төленген.

Жыл басынан бері Жалағаш ауданы бойынша бірқатар қайырымдылық акциялары өткізіліп, аз қамтылған 306 отбасыға азық-түліктей көмектер көрсетілді.

Ақпарат көзі: -

Кіру