Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

Жалағаш аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет Үйінде Конституция күніне орай салтанатты шара өтті.
30.08.2018 01:41:23 | 148 рет қаралды

 Аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы жиналған қауымды мерекемен құттықтады.

 Конституциямыз – Қазақстан халқының саналы таңдауы, ол кемел келешектің кепілі. Саяси тұрақтылық, қоғамдық алға басушылық, өркениетті өрелі мемлекетіміздің құқықтық негізін  қалаған Ата Заң келер ұрпақтын да үмітін ақтай берсін.

 Тәуелсіз елдің әрбір азаматы дүниежүзіндегі озық, өркениетті елдердің  Ата заңдарымен пара-пар келетін, адам өміріне, бостандығына, ар-намысына қол сұғуға жол бермейтін Конституциямызды құрмет тұтуы қажет. Бұл еліміздің көп ұлтты халқының, баласынан бастап дана қарттарына дейінгі азаматтық парызы – деді аудан басшысы өз сөзінде.

Айта кетейік, әлеуметтік, мәдени маңызы бар жұмыстарды одан әрі дамыту бағытында ауданымызда  ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бірнеше елді мекендерінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту құрылыс жұмыстары, «Nomad Solar» ЖШС-нің күн энергиясын пайдаланатын электр станциясының құрылысы, аудандық бюджет есебінен Мырзабай ахун ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты салынып, пайдалануға берілді. Қазіргі таңда аудан бойынша жалпы құны 645,9 млн теңгені құрайтын 4 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

 Шара  аудан өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасын тапты.






Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру