Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА КҮРІШ ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА КҮРІШ ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Ақсу ауылындағы «Сәрке батыр» ЖШС биылғы жылы 1490 гектар жерге күріш егуді жоспарлап отыр. Ақсулықтар 30 сәуір күні дән себуді алғаш болып бастады.
02.05.2018 11:12:42 | 278 рет қаралды

 

Жалағаштық шаруалар күріш егуді қолға алды. Биыл аудан бойынша 32,7 мың гектарға егіс егу жоспарланып отыр. Өңір диқандары 18100 гектар жерге  Сыр маржанын сеппек. Күріш егісіне 5,1 мың тонна тұқым дайындалды.

Дән себуді алғаш болып ақсулықтар бастады. Ақсу ауылындағы «Сәрке батыр» ЖШС  биылғы жылы 1490 гектар жерге күріш егуді жоспарлап отыр. Бүгінгі күні күріштің  250 гектарға жуығы егілмек.

Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев аталмыш серіктестіктің егіс алқабында тұқым себу жұмыстарын көрді. Қара жерден несібесін күтетін шаруалармен жүздесіп, көктемгі дала жұмыстарына қатысты шараларды талқылады.

Аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы өткен жылы аудан диқаншылары күріштен рекордтық өнім жинағанын, биыл да сол межеден түсірмеу үшін бар күш-жігерімізді салуымыз қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, «Сәрке батыр» ЖШС директоры Т.Бодыбай, аудан ардагері Ж.Адамбаев сөз алып, бата берді.

Бүгінгі күні аудан бойынша 3500 гектар жаңа жоңышқа, 285 гектар жаздық бидай, 60 гектар арпа, 1900 гектар мақсары дақылдары егіліп, ескі жоңышқа жаппай тырмаланды.












Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру