Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ЕЛІМІЗДІҢ БАС ҚАЛАСЫ- АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ЖӘНЕ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ КӨРІКТІ ЖЕРЛЕРІН ТАМАШАЛАДЫ

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ЕЛІМІЗДІҢ БАС ҚАЛАСЫ- АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ЖӘНЕ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ КӨРІКТІ ЖЕРЛЕРІН ТАМАШАЛАДЫ

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жалағаш ауданының оқушылары еліміздің бас қаласы – Астана қаласына туристік саяхат жасаса, енді бірі Көкшетау қаласының киелі жерлерін аралады.
15.08.2018 09:08:38 | 230 рет қаралды



 



Оқушылардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында 2018 жылы 1-10 сынып аралығындағы жазғы демалыс шараларымен, саяхатпен 5052 бала, яғни 83,1% қамтылады деп жоспарланған. Есепті мерзімге оқушылардың 5021-і жазғы демалыс шаралармен, саяхатпен, көркейту-көгалдандыру шараларымен  қамтылды. Атап айтқанда, оқушылар Астана қаласындағы «Ақкөл» шатырлы лагеріне, Оңтүстік Қазақстандағы «Таң нұры» шипажайына, Алматы қаласындағы «Тау-Жаңашар», Жаңақорған ауданындағы «Талдысу», кент орталығындағы «Ақтерек» сауықтыру лагерлеріне барды.

Сондай-ақ, оқушылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласына екі күндік туристік саяхатқа барып қайтты. Туристік саяхат барысында олар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында, «Атамекен Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде, ұлттық музейде, «Бәйтеректе», сондай-ақ, ЭКСПО қалашығындағы «Нұр Әлем» павильондарында болып, жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, еліміздің киелі жерлерін аралау мақсатында ағымдағы жылы 8 оқушы Көкшетау қаласының киелі жерлерін тамашалап, тарихымен танысты.




Сонымен қатар биылғы жылы көркейту – көгалдандыру бағытында «Жасыл ел» бағдарламасы аясында аудан бойынша 100 жас еңбек жасақтарына қамтылды.

Жазғы каникул кезінде мектептен тыс мекемелерде арнайы «Жайдарлы жаз» атты бағдарлама бойынша Оқушылар үйі жанынан 5 үйірме (хореография, ағылшын, робототехника, көркемсурет, математика) жұмыс жасауда.

 






Ақпарат көзі: http://zhalagash.gov.kz

Кіру