Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар «ЖАЛАҒАШ ЖАРШЫСЫ» ГАЗЕТІНЕ – 85 ЖЫЛ

«ЖАЛАҒАШ ЖАРШЫСЫ» ГАЗЕТІНЕ – 85 ЖЫЛ

Сонау 1934 жылдан бері жарық көріп келе жатқан басылым ауданның бас газетіне айналды. Өз тарихында «Колхозшы», «Күрішшілер», «Коммунизм үшін», «Коммунизм шамшырағы», «Жаңадария» аталып келген газет 1993 жылдан бері «Жалағаш жаршысы» болып жарық көріп келеді.
28.06.2019 11:46:00 | 36 рет қаралды

Сонау 1934 жылдан бері жарық көріп келе жатқан басылым ауданның бас газетіне айналды. Өз тарихында «Колхозшы», «Күрішшілер», «Коммунизм үшін», «Коммунизм шамшырағы», «Жаңадария» аталып келген газет 1993 жылдан бері «Жалағаш жаршысы» болып жарық көріп келеді.

Бүгін Жалағаш кентінде 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі, сондай-ақ аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің 85 жылдық мерейтойы атап өтілуде. Аудандық тарихи-өлкетану музейінде аудандық басылымның мерейтойына орай арнайы қабырға ашылып, онда газетте әр жылдары басшылық еткен редакторлар, газеттің алғашқы және мерейтойлық номерлері қойылған.

Сонымен қатар, аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде аудан әкімінің қатысуымен салтанатты шара өткізілді.  

-              “Жалағаш жаршысы” газеті – аймақта өзіндік өрелі тарихы бар, бағыт-бағдары айқын, аудан жұртшылығы сүйсіне оқитын, тамыры тереңнен бастау алатын беделді басылымдардың бірі. Сондықтан да, “Жалағаш жаршысы” газетінің мерейтойы бүкіл аудан жұртының ортақ қуанышы, ортақ мерекесі деп айтуға болады, - деді аудан басшысы құттықтау сөзінде.

Салтанатты шарада «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Аманжол Оңғарбаев сала қызметкерлерін, аудан жұртшылығын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

 Шарада сала ардагерлері және бірқатар қызметкерлер, республикалық, облыстық БАҚ өкілдері, шараға демеушілік жасаған бірқатар азаматтар облыс әкімінің, аудан әкімінің, «Сыр медиа» ЖШС бас директорының алғысымен марапатталды.

Шара соңы аудандық көркемөнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.

Ақпарат көзі: -

Кіру