Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ЖАЛАҒАШ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ЫНТЫМАҚ ПЕН БІРЛІК КҮНІН СӘН-САЛТАНАТПЕН АТАП ӨТТІ

ЖАЛАҒАШ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ЫНТЫМАҚ ПЕН БІРЛІК КҮНІН СӘН-САЛТАНАТПЕН АТАП ӨТТІ

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні ауданымызда 1500-нан астам адамдардың қатысуымен өткен мерекелік шеруден бастау алды.
02.05.2018 12:35:44 | 259 рет қаралды

Әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесіне айналған 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні ауданымызда 1500-нан астам адамдардың қатысуымен өткен мерекелік шеруден бастау алды.       

Шеруді еңбек ардагерлері,  «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, мәслихат депутаттары, өңірдің құрметті азаматтары, өзге ұлт өкілдері бастады. Шеруге қатысқан әрбір еңбек ұжымының жетістіктері, көрсеткіштері барша қауымға таныстырылды.

Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев аудан халқын айтулы мерекемен құттықтап, бірлігі мен берекесі ұйысқан, ортақ мүддеге тоғысқан жалағаштықтарға ақ тілеу, терең алғысы мен құрметін білдірді. 

Орталық алаңға жиылған аудан жұртшылығына мәдениет үйінің көркемөнерпаздары театрландырылған қойылым мен концерттік бағдарлама ұсынып,  көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.   Ән мен би, сән мен салтанат, салт пен дәстүр қатар өріліп, халық достығының көрінісі айқын көрінді.









































Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру