Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ЖАЛАҒАШТА ЕКІНШІ РЕТ ЖАСТАР ЛАГЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ЖАЛАҒАШТА ЕКІНШІ РЕТ ЖАСТАР ЛАГЕРІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы жəне Жалағаш ауданы жастарының "Темірқазық" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ауданымызда екінші рет "Zhalagash Life" жастар лагері басталды.
27.08.2019 16:21:03 | 55 рет қаралды

Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы жəне Жалағаш ауданы жастарының "Темірқазық" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ауданымызда екінші рет "Zhalagash Life" жастар лагері басталды.

Аудандық жастар лагеріне ауылдық округ жəне кент орталығынан 60-қа жуық жас қатысуда.

Лагерь аясында спорттық сайыстар, танымал адамдармен кездесу, семинар-тренинг өткізу жоспарлануда.

Лагердің алғашқы күнінде жастар бір-бірімен танысып, топтарға бөлу арқылы тапсырмалық жұмыстар берілді. Сондай-ақ, лагерь қатысушылары «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Сымбат Абдрахмановамен кездесті. Кездесу барысында Сымбат жетістікке қалай жеткендігі, мамандық таңдауда қателеспеу керек екенін айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Лагердің екінші күнінде лагерь қатысушыларының аудан әкімімен еркін форматта кездесуі өткізіледі деп жоспарлануда.

Айта кету керек, Жалағаш ауданында 14 пен 29 жас аралығында 8865 жас тіркелген. Бұл көрсеткіш жалпы халық санының 24,7 пайызын құрайды. Аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан «Coworking» орталығын ашу үшін аудандық бюджеттен 5 000,0 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

Барлық ауылдық округтерде «Жалынды жас» еріктілер мектебі құрылып, онда 120-ға жуық жас бар.

Аудан жастарының шығармашылығын дамыту мақсатында «Жалағаш аруы» байқауы, Аудан әкімінің «Жалын» жастар сыйлығы, «Zhalagash Life» жастар лагері, Аудандық жайдарман лигасы, «Жалынды жас» еріктілер мектебі, «Жас Отау», «Жас маман» жобалары дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, 2019 жылы тұңғыш рет аудан жастарының қатысуымен жас еңбекшілер лагері өткізілді.

Ақпарат көзі: -

Кіру