Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ЖАЛАҒАШТА РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ЖАЛАҒАШТА РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай бүгін Рәміздер алаңында мерекелік іс-шара өтті.
06.06.2019 12:58:23 | 136 рет қаралды

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай бүгін Рәміздер алаңында мерекелік іс-шара өтті.

Салтанатты шарада аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев жалағаштықтарды атаулы мерекемен құттықтап, аудан абыройын облыстық, республикалық, халықаралық дәрежеде асқақтатып жүрген бірқатар спортшыларды, шәкірттері түрлі байқауларда, жарыстарда жетістікке жетіп жүрген сала мамандарын аудан әкімінің алғысымен марапаттады.

-  Ел тәуелсіздігі мен мемлекеттік рәміздер - егіз ұғым. Мемлекеттік рәміздер еліміздің көпшілік азаматтарын отансүйгіштікке тәрбиелеуде ерекше маңызға ие. Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік рәміздердің насихатталуы және қолданылуы, осы арқылы азаматтарға патриоттық тәрбие беру бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Биылғы жылы Аққұм және Мәдениет тіректі елді мекендерінде жергілікті бюджеттен Рәміздер алаңын салуға 2 млн теңге қаржы қаралып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын барлық мемлекеттік мекемелер жаңа үлгідегі Елтаңбамен қамтамасыз етілді,- деді аудан басшысы өз сөзінде.

Шара барысында мемлекеттік қызметшілер ант қабылдап, аудан көркемөнерпаздары патриоттық әндер шырқады.

Ақпарат көзі: -

Кіру