Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ЖАЛАҒАШТА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

ЖАЛАҒАШТА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Жалағаш кентіндегі З.Жарқынбаев атындағы 202 орта мектеп ғимаратында экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алуға бағытталған оқу-жаттығу өткізілді.
15.07.2019 11:53:02 | 63 рет қаралды

Жалағаш кентіндегі З.Жарқынбаев атындағы 202 орта мектеп ғимаратында экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алуға бағытталған оқу-жаттығу өткізілді. 

Оқу-жаттығуға аудандық жедел штаб мүшелері мен жеке құрамы толық құрамда және арнайы техникалар жұмылдырылды.

Оқу-жаттығу барысында құзырлы органдардың оқиғаны алдын алу және салдарымен күресу кезіндегі өзара іс-әрекеттеріне ерекше мән берілді. Ұрыс алаңына барлау және бақылау жүргізу жұмыстарымен қатар оқыс оқиғалар мен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тиісті шаралар қажетті уақытында ұйымдастырылды.

Жаттығу қорытындысы бойынша арнайы топтың жедел әрекетінің нәтижесінде кепілге алынған азаматтар босатылып, қауіпсіз аймаққа көшірілді. Күдікті тұлғалар дер кезінде түгел құрықталды.

Шара барысындағы әрекеттерден тұрғындарға үрей туғызбау үшін дыбыс күшейткіш құралы арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

Ақпарат көзі: -

Кіру