Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ЖАЛАҒАШТАҒЫ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ

ЖАЛАҒАШТАҒЫ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ

Еліміз бойынша жер-жерде Құрбан айт намазы оқылып, исі мұсылман қауымының қасиетті мерекесі бастау алды.
12.08.2019 19:18:47 | 12 рет қаралды

Еліміз бойынша жер-жерде Құрбан айт намазы оқылып, исі мұсылман қауымының қасиетті мерекесі бастау алды. 

Елең-алаңмен ерте тұрып, құлшылық ордасына қарай ағылған жалағаштық жамағат таңғы 7-де иін тіресе сап түзеп, айт намазын оқумен бастады. 

Айт намазы алдында мешіт мінберіне бас имам Айбек Мәдиев шығып, жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді. Қасиетті мерекенің тарихын баяндап, тағылымын түсіндірді. 

- Бүгінгі «Құрбан айт – мерекесі» – елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен қайырымдылықты арттыратын ұлық мереке. Ұлық мереке құтты болсын, құрметті ағайын! Қасиетті күндердегі ізгі амалдарыңыз бен ниеттеріңізді Алла тағала қабыл етсін! Құрбан айт әрбір отбасына амандық, елімізге бірлік пен ынтымақ әкелсін. Құрбан айт мүбәрак болсын,-деді А.Мәдиев.

         Айт намазынан кейін арнайы белгіленген орынға жамағат құран бағыштап, құрбандық шалды. Сондай-ақ, мешіт жанында қол күрес, асық ату, гір көтеру, арқан тарту секілді спорттық ойындардан сайыстар өтті. Өзіндік ойын өрнегін көрсеткен командалар мен сайысқа қатысушылар бағалы сыйлықтарға ие болды.

         Жиналған көпшілік ақ дастарқаннан дәм татып, айттан айтқа аман-есен жетейік деген жақсы ниетпен үйлеріне тарқасты.

Ақпарат көзі: -

Кіру