Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ЖАЛАҒАШТЫҚ АУЫЛДАР ҮЗДІКТЕР КӨШІН БАСТАДЫ

ЖАЛАҒАШТЫҚ АУЫЛДАР ҮЗДІКТЕР КӨШІН БАСТАДЫ

Қызылорда қаласында облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың қатысуымен "Үлгілі ауыл" байқауы қорытындыланды.
18.12.2019 16:48:48 | 143 рет қаралды

Шарада сөз сөйлеген аймақ басшысы ауылдарды гүлдендіру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
– Ауылдардың жағдайын жақ­сар­тып, ауыл халқының тұрмы­сын көтеру үшін «Ауыл – ел бесігі» жобасы қарқынды жұмыс істеуде. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған жоба шеңберінде елді мекендерді дамытуға бағыт­талған ауқымды істер жүргізілуде. «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыруға 2019 жылы аймағымызда 1,9 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 1,7 млрд теңге қаралды. 2020 жылға «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын іске асыруға 1,6 млрд теңгеге 4 елді мекен бойынша 31 жоба іріктелді. Сонымен қатар бүгін жеңімпаз болып танылған ауылдық округтерге берілген қаржылай сыйақының 80 пайызы сол ауылдың көркейіп-көгалдануына, абаттануына, санитарлық тазалығына жұмсалуы тиіс, – деді облыс басшысы.
Байқауға барлығы 8 елді мекен қатысты. Бұл күні жалағаштың қос бірдей ауылы үздіктердің көшін бастады. Елді мекендер бойынша Таң ауылы жеңімпаз атанып 10 млн тең­геге қол жеткізді. Ал тіректі елді мекендер арасында 2-ші орын алған Аққұм ауылына 7,5 млн теңге берілді.
Аудан мерейін тасытқан қос бірдей ауылдың тұрғындарына құтты болсын айтамыз.

Ақпарат көзі: -

Кіру