Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ЖАЛАҒАШТЫҚ КӘСІПКЕР ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАП, СҰРЫПТАП ЗАУЫТҚА ЖІБЕРУДЕ

ЖАЛАҒАШТЫҚ КӘСІПКЕР ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАП, СҰРЫПТАП ЗАУЫТҚА ЖІБЕРУДЕ

Кент тұрғыны, кәсіпкер Ғалымбек Әбжанов күнделікті тұтынып отырған тұрмыстық заттарды үйінің ауласындағы электрмен жұмыс істейтін жаңа аппараттың көмегімен нығыздап, стандартқа сай біркелкі қалыпқа түсіреді. Ал, одан соң қалдықтар текшелеп жиналып, өз межесіне жеткен кезде жүк көліктерімен Жамбыл облысындағы тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін зауытқа жіберіледі.
11.06.2019 11:01:10 | 70 рет қаралды

- Менің бұл кәсіпті қолға алғандағы мақсатым ақша табу ғана емес, ауданымыздың тазалығына аз да болса үлесімді қосу еді. Қазір үйіңізден бір қадам ұзап шықсаңыз, көшеде шашылып жатқан пластмасса ыдыстар мен желмен ұшып тал-бұталардың басына ілініп жалбырап тұрған политэлен қалталарын көресіз және бұл көрініс көңіліңді құлазытады. Осы жердің тұрғыны болған соң, ауданның абыройы барлығымызға ортақ. Оның тазалығына баршамыз жауаптымыз. Күл-қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардың көбеюі өмірімізге өте қауіпті. 

Мен тұрмыстық қалдықтардың қатты түрін де, жұмсақ түрін де қабылдап жатырмын. Мәселен, жуырда Шымкент қаласына 3 көлік шыны шөлмек жөнелттім. Қолымнан келгенінше өз көлігіммен жүріп кент ішінен, айналасынан «шикізат» жинаймын. Одан бөлек, политэлен пакеттердің әр келісін 40 теңге, пластмасса ыдыстардың әр келісін 25 теңге, шыны шөлмектердің әр келісін 5 теңге, жұқа қаңылтыр ыдыстардың әр келісін 40 теңге, ал, картон қағаздардың әр келісін 10 теңгеден қабылдап жатырмын, -дейді кәсіпкер.

Ақпарат көзі: -

Кіру