Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ЖАЛАҚЫСЫ ТӨМЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП САЛЫҚТЫ АЗ ТӨЛЕЙДІ

ЖАЛАҚЫСЫ ТӨМЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП САЛЫҚТЫ АЗ ТӨЛЕЙДІ

Жаңа жылдан бастап айлық табысы 60 мыңнан аспайтын Қазақстан азаматтары үшін салық көлемі азаяды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.
20.11.2018 12:22:21 | 95 рет қаралды


Осыдан бірнеше ай бұрын президент Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетте барлығы қарапайым адамдарды қолдауға бағытталғанын атап өтіп, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту туралы ұсыныс тастаған еді.

Елбасының шешімін үкімет қолдап, аталмыш заңға билік бірнеше ай бұрын қол қойған болатын.

Соған сәйкес 1 қаңтардан бастап айлығы 60 125 (алпыс мыӊ бір жүз жиырма бес) теӊгеден төмен тұрғындар үшін жеке табыс салығыныӊ мөлшерлемесі 10 есе төмендетіледі.

Биліктің ойынша, бұл екі миллионнан аса қазақстандыққа еңбекақасын көбірек алуға мүмкіндік береді. Ал жұмыс берушілер үшін қаржылық қиындықтар еселене қоймайды.

Вице-премьер Ерболат Досаевтың сөзінше, аталмыш заңнан таяу үш жылда жергілікті бюджет 94 млрд теңге жоғалтады.

2019 жылы алынып үлгермеген 29 миллиард теңге көлеміндегі салықтар республикалық бюджет есебінен жабылады.

 

Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру