Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ЖАҢА ЖЫЛ ЖАҚСЫЛЫҚТАРДЫҢ БАСТАУЫ

ЖАҢА ЖЫЛ ЖАҚСЫЛЫҚТАРДЫҢ БАСТАУЫ

Аудан орталығындағы Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде жаңа жыл салтанаты өтті. Шараға аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев қатысып, жыл қорытындысымен әр сала бойынша үздік мамандарды марапаттады.
29.12.2018 11:13:24 | 165 рет қаралды


Мерекелік шараға мәдениет саласының мамандары айрықша дайындалғаны көрініп тұр. Сахна тарландары жиылған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білді. Шара өтетін жердің өзі ерекше кейіппен безендірілген. Көпшілік өздерін құдды бір Астана мен Алматы секілді үлкен қалалардың өнер залдарында отырғандай сезінді.

Салтанатты шарада аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев сөз сөйлеп, биылғы атқарылған жұмыстарға тоқталып, Жалағаш жұртын жаңа жылмен құттықтады.

– Баршаңызды бірер күннен кейін тәуелсіз елімізге, әрбір отбасыға қадам басатын жаңа 2019 жылмен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа жыл  жақсылықтың жаршысы. Әрбіріміздің болашаққа бағдар құратын және үлкен міндеттер жүктелетін уақыт. Таңбалы тарих парағында айшықты оқиғалар мен өзіндік із қалдырған өткен жылмен қоштасып, үлкен арман мен зор үмітке толы жаңа жылға құтты қадам басқалы отырмыз. Келе жатқан жаңа жыл сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, жаңа жетістіктер мен татулық әкелсін. Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін. Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке ұласа берсін, – деді аудан басшысы.

Сондай-ақ, шара аясында жыл қорытындысымен бірқатар сала үздіктері марапатталды.

Салтанат соңы аудан өнерпаздары әзірлеген мерекелік концертке ұласты.

Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру