Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар «ЖАСТАР – ТУҒАН ЖЕРГЕ!» АУДАНДЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ

«ЖАСТАР – ТУҒАН ЖЕРГЕ!» АУДАНДЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ

Ел болашағының баянды да тұғырлы болуы, сол елдің жастарының қолында. Бүгін Жалағаш ауданында «Жастар-туған жерге!» тақырыбында аудандық жастар форумы өтті. Жастар форумында ІІІ секция бойынша жұмыстар жүргізілді.
08.12.2017 18:52:49 | 369 рет қаралды

«ЖАСТАР – ТУҒАН ЖЕРГЕ!» АУДАНДЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ

Ел болашағының баянды да тұғырлы болуы, сол елдің жастарының қолында. Бүгін Жалағаш ауданында «Жастар-туған жерге!» тақырыбында аудандық жастар форумы өтті. Жастар форумында ІІІ секция бойынша жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, «Жастар рухани жаңғыру жолында» тақырыбындағы І секцияда «Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ж.Досмаханов модераторлық жасады. Секцияда айтыскер ақын А.Рахметов, «Қызылорда облысы бойынша «Жас Отан» Қоры» корпоративтік қорының төрағасы А.Сабанбаев хабарлама жасады. Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте «Жастар саясатын жүзеге асырудың жаңа бағыты» тақырыбында ІІ секция жұмыстары жүргізілді. Секцияны аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғ.Телібаев ашып, секция жұмысына сәттілік тіледі. Секцияда Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Меңлібаев, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Ж.Алдабергенов хабарлама жасап, жастарды әлеуметтік қолдау, олардың адами капиталын дамытуда мемлекеттік бағдарламалар мен түрлі жобалар туралы ақпар берді. «Цифрлы Қазақстан – ХХІ ғасырдың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында мәдениет және өнерді дамыту орталығында ІІІ секция жұмыстары жүргізілді. Секция жұмыстарына ІТ маман Ф.Абжаппаров, «Гранд Мастер» бағдарламалық мектебінің директоры А.Қуанышбаев, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Ж.Серіков қатысты.

Секция жұмыстары аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде пленарлық мәжіліске ұласты. Мәжіліске Жалағаш ауданының әкімі Қ.Сәрсенбаев, Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Меңлібаев, айтыскер ақын М.Ниязов, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының иегері, «Мағжан және К» серіктестігінің директоры М.Ералиев,  «Гранд мастер» бағдарламалау мектебінің директоры А.Қуанышбаев, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Ж.Алдабергенов, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының Қызылорда облыстық филиалының төрағасы А.Сабанбаев қатысты.

Форум аясында жеке кәсіпкер Е.Жайлыбаевтың техникалық қызмет көрсету орталығының ашылуы өтті.






Ақпарат көзі: Жалагаш жаршысы

Кіру