Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖАНЫНАН «COWORKING» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖАНЫНАН «COWORKING» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың қатысуымен Жастар ресурстық орталығы жанынан «Coworking» орталығының ашылу рәсімі және жастар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
04.05.2019 10:25:34 | 117 рет қаралды



«Coworking» орталығына жергілікті бюджеттен 5 млн теңге қаржы қаралды. Орталықта жастар тұлғалық қалыптасуға арналған арнайы  семинар-тренингтерге, түрлі бағыттағы спорттық шараларға қатысып, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған.



Шараға Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов Қуаныш, Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Абылайхан Сабанбаев, «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес, облыс аудандарындағы жастар ресурстық орталықтарының директорлары, кеңес мүшелері, аудандық бөлім, мекеме басшылары, Жалағаш кенті және ауылдық округ әкімдері мен жастар істері жөніндегі мамандар, жастар ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.




-     Ел тәуелсіздігінің одан әрі қарыштап дамуының бірден-бір кепілі – жастар саясатын тиімді жүзеге асыру. Бүгін «Жастар жылы» аясында Жастар ресурстық орталығы жанынан «Coworking» орталығын ашып отырмыз. Бұл жерде жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған. «Coworking» орталығының жұмысын облыстық жобалық кеңсе аясында жүзеге асыру  жоспарланып отыр. Жастарға көрсетілетін қолдау мен қамқорлық алдағы уақытта да үздіксіз жалғаса беретін болады, - деді аудан басшысы.

Қазіргі таңда аудандағы жалпы жастар саны - 8865 болса, бұл аудан халқының 24 пайызын құрайды. Үстіміздегі жылы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 14 млн. 77 мың теңге бөлінді. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 22 % пайызға артып отыр.




«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданға жұмысқа тұруға келген жас маманға әлеуметтік қолдау шараларына сәйкес 18 жасқа тұрғын үй сатып алуға немесе салуға  бюджеттік несие беру мақсатында республикалық бюджеттен қаржы қаралып отыр.

"Жасыл ел" жасағы бойынша былтырғы жылы 114 студент және жұмыссыз жастар маусымдық жұмысқа тартылған болса, биылғы жылы 100 жас маусымдық жұмыстармен қамтылатын болады.

«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша 82 жас колледждер мен жоғарғы оқу орындарында білім алуда. Ресейде білім алып жатқан жергілікті жастардың  саны - 14. (Ресей – 10, Корея – 1, Белоруссия – 1, Қытай - 2).

Былтырғы жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі жастарға арналған 4 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, қаржы көлемі екі есеге ұлғайды. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда өзіндік үлесін қосып, өз саласында жоғары жетістіктерге жеткен 10 жасқа арнайы құрылған комиссия арқылы Жалағаш ауданы әкімінің «Жалын» жастар сыйлығы табысталды. Бұл игі шара биылғы жылы да дәстүрлі жалғасын табатын болады.

    Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында ауданда 7 мәдениет үйі мен 8 ауылдық клуб, 21 кітапхана, 1 мәдениет және өнерді дамыту орталығы, барлығы 37 мәдениет және өнер мекемелері,  143 спорт нысандары жұмыс жасайды.





 











Ақпарат көзі: http://zhalagash.gov.kz/

Кіру