Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ

«ЖОМАРТ ЖҮРЕК» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ

Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында үстіміздегі жылдың 1 шілдесі мен 15 тамыз аралығында жыл сайын өтетін «Жомарт жүрек» сыйлығының аудандық іріктеу кезеңі өткен болатын.
22.08.2018 09:08:14 | 270 рет қаралды

Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында үстіміздегі жылдың 1 шілдесі мен 15 тамыз аралығында жыл сайын өтетін «Жомарт жүрек» сыйлығының аудандық іріктеу кезеңі өткен болатын.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында білім, ғылым, мәдениет, қоғам, медицина, спорт саласына қолдау көрсеткен азаматтар туған жері мен елін, ауыл-аймағын өркендетуге үлес қосып, қамқорлық танытып жүрген, мұқтаж жандарға қайрымдылық жасаған жомарт жүректі жандарды, меценаттарды, бизнес-құрылым өкілдерін, ұйымдарды, еріктілерді құрметтеу мақсатында «Жомарт жүрек» салтанатты құттықтау рәсімі өтті.

Салтанатты рәсімде аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы аудан аумағында қоғамдық пайдалы, әлеуметтік, қайырымдылық қызметті жүзеге асырып жүрген бірқатар азаматтарға «Жыл меценаты», «Туған өлке», «Жыл тұлғасы», «Жылдың үздік ұйымы», «Ерен еріктілік» номинацияларын табыстады.

Туған жерінде әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған, көп балалы жанұяларға, ардагерлерге көмек көрсеткені үшін «Жыл меценаты» номинациясымен «Ер-Әлі» шаруа қожалығының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Бекжанов Әліби Бақытбекұлы, елді мекендерді абаттандыруға, демалыс бақтарын, алеяларды, ескерткіштерді мәдениет, білім, спорт салаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін «Туған өлке» номинациясымен «Таң ЛТД» ЖШС төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы, белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін «Жыл тұлғасы» номинациясымен жеке кәсіпкер, аудандық мәслихат депутаты Махатова Ақшагүл Такирқызы, волонтерлік қызметтерге белсенді қатысқаны үшін «Ерен еріктілік» номинациясымен «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Қожамұратов Айдос Болатұлы, әлеуметтік маңызы бар жобаларды оның ішінде қайырымдылық көмек берудің жаңа тиімді түрлерін енгізгені үшін «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен Жалағаш аудандық «Иманқұл мешіті» марапатталды. Бас имам Мадиев  Айбек Тынымбайұлы.












Ақпарат көзі: http://zhalagash.gov.kz

Кіру