Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ЖҰМЫС БІЗДЕН, ТАҢДАУ СІЗДЕН!

ЖҰМЫС БІЗДЕН, ТАҢДАУ СІЗДЕН!

Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
19.09.2018 10:55:06 | 228 рет қаралды


Шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары­ Ж.Таж­ма­ха­нов мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментімен бірлесе ұйымдастырылған бұл жәрмеңкенің маңыздылығына тоқталып, өңірде жұмыссыздық мәселесін шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.

– Жұмыссыздықты шешу – біздің алдымыздағы өзекті мәселе. Осыған орай, ауданда айына бір рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді. Биылғы жылы 8 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтіп, 60-тан астам адам тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті жолға қоюға көңіл бөліп, кәсіп ашамын деген аудан тұрғындарына қолдау көрсетудеміз, – деді Ж.Тажмаханов.

Жәрмеңкеде жергілікті 8 мекеме басшылығы 10 жұмыс орнын ұсынды. Басым көпшілігі – білім саласында. Жұмыс іздеушілер мамандығына сәйкес жұмыс таңдап, қажетті құжаттарды рәсімдеді. Нәтижесінде, 7 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Сондай-ақ, 2 адам қоғамдық негізде, 3 адам жас­тар тәжірибесі бойынша жұмысқа жолдама алды.

Шара аясында мұнан бөлек Қостанай, Павлодар өңірлері мен Солтүстік және Шығыс Қазақстан облысындағы әртүрлі сала бойынша 300-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды.

Мамандардың сөзінше, Солтүстікке қоныс аударған отбасылар жұмысқа орналасып, тұрғын үйге де қол жеткізе алады. Онда барған отбасыларға қалаған кәсіптерін ашуға да мүмкіндік бар. Бұған дейін қоныс аударып, сол жақта тіршілік етіп жатқан жерлестеріміздің мектеп жасына дейінгі баласы балабақшаға, мектеп жасындағылар сол өңірлердегі білім ошақтарына орналастырылып, жергілікті денсаулық сақтау және білім мекемелерінің есебіне алынған. Айтып-айтпай не керек, теріскейдегі өңірлердің табиғатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Орман алқабы мен өзен-көлдері көпті тамсандырады. Кәсіп ашып, мал ұстаймын деген азаматтарға мемлекет тарапынан жеңілдіктер қарастырылған. Бұл үшін шағын несие көлемі 18 млн теңгеге дейін беріледі екен.

Бір сөзбен айтқанда, мемлекет қолдауының арқасында елге ел қосылды. Оңтүстік жұрты солтүстік өңірлердің жұмыс күшін толықтырды. Ауылдан барған ағайын алдымен ауыл шаруашылығы саласына араласты. Егін екті, мал бақты. Қорасы қойға, қамбасы дәнге толды.

Айта кетейік, бұл бағдарламаға қатысушыларға мемлекет тарапынан көшуге, тұрғын үйді жалға алуға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындарын өтеуге қаржылай көмек беріледі. Мұндай мол мүмкіндікті құр жібергісі келмейтін тұрғындар биыл да көш ізін жалғауға ниетті. Бұған дейін жалағаштық 4 отбасы Солтүстікке қоныс аударған болатын. Қазір бұл отбасы мүшелері тұрақты жұмысқа орналасып, табиғаты көркем өңірде тұрғын үйге қол жеткізді.

 

Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру