Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ ИДЕЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ ИДЕЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ ТАҚЫРЫБЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

«Аудан көлемінде діни экстремизмнің алдын алу бағытындағы шаралар» әлеуметтік қызметі аясында 17-18 қыркүйек күндері Жалағаш ауданында «Діни экстремизм мен терроризмнің идеялық негіздеріне қарсы күресу жолдары» тақырыбында оқыту семинары, адрестік кездесулер, аудандық «Иманқұл» мешітінде «Зайырлылық мәні» тақырыбында аудан имам-молдаларымен кездесу, аудан жастарымен, бірқатар ауыл тұрғындарымен кездесулер өтті.
19.09.2019 16:47:07 | 64 рет қаралды

 Семинарға аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері,  Жалағаш ауданы әкімдігі жанындағы ақпараттық-түсіндірме топ мүшелері, Терроризмге қарсы комиссия мүшелері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен «Зайырлылық және дінтану» пәнінің мұғалімдері, ҮЕҰ жетекшілері, діни бірлестіктер өкілдері, аудан тұрғындары, белсенді жастар, БАҚ өкілдері қатысты.

«Діни экстремизм мен терроризмнің идеялық негіздеріне қарсы күресу жолдары» тақырыбында өткен басқосуда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Дінтану сараптамасы орталығы» РММ бөлім басшысы, РАТТ мүшесі Жарас Аханов баяндама жасап, радикалды ағымды ұстанушыларға идеологиялық ықпал ету әдістеріне, мемлекеттік дін саясатындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру мәселелері тақырыптарына кеңінен тоқталды. Жиынға қатысушылар баяндамашыларға сауалдарын қойып, қажетті мағлұматтарға қол жеткізді. 

Ақпарат көзі: -

Кіру