«Е-нотариат» жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара ықпалдастығы жүзеге асырылды.
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Е-нотариат» жүйесі мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесінің өзара ықпалдастығы жүзеге асырылды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақықоры (бұдан әрі–БЖЗҚ, Қор) мен Қазақстан Республикасы нотариустарының өзара іс-қимылын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палата, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы («ҰАТ» АҚ) және БЖЗҚ арасында «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақықорыақпараттық жүйесінің өзараіс-қимылы туралы Шарт жасалды.
Бұл шара «ҚазақстанРеспубликасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттелген болатын. Енді аталған Шарт аясында нотариустар өздерінің өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша(мұрагерлер өтінішберген жағдайда) қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы БЖЗҚ-ға «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі арқылы онлайн тәртібінде (БЖЗҚ-ға хат жүзінде сауалдар жолдамастан) сауалдар жолдай алады. Қорөз кезегінде салымшылар мен алушылар Қазақстан Республикасының нотариустары куәландырған немесе растаған құжаттарды ұсынған жағдайда «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне сауал жолдап, салымшылар мен алушылардың Қорға ұсынған құжаттарына қатысты жасалған нотариалдық әрекеттер бойынша ресми растау құжатын алады.
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz