Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ЕГІННІҢ КӨГІ КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ

ЕГІННІҢ КӨГІ КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ

Үстіміздегі жылы Жалағаш ауданында 21 800 гектар күріш, 401 га жаздық бидай, 60 гектар арпа, 2200 гектар мақсары, 4559 гектар жаңа жоңышқа, 635 гектар картоп, 678 гектар көкөніс, 1000 гектар бақша дақылдары егіліп, 4138 гектар ескі жоңышқа күтімге алынды.
20.07.2018 23:13:29 | 160 рет қаралды

 Ауыл шаруашылығы құрылымдары бойынша 363 трактор, 91 соқа, 33 тұқым сепкіш, 100 автомашина және 155 трактор тіркемесі толығымен жөндеуден өтіп, көктемгі дала және егін егу жұмыстарына қатысты.

Биыл егін егу жұмыстарына 2750 тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, шаруа­шылықтарға уақытылы жеткізіліп берілуде.

Аудан бойынша қазір жоңышқаның бірінші орымы аяқталып, гектарына 12 центнерден өнім алынды. Жоңышқа ору жұмыстары одан әрі жалғасуда.

– Былтыр аудан үшін ауыл шаруашылығы саласы бойынша табысты жыл болды. Бұл салада үлкен іс тындырған еңбек адамдарының жұмысын жоғары бағалаймыз. Диқандар күннің аптап ыстығына қарамастан атыз басында үлкен еңбектің үлгісін көрсетті. Нәтиже де жаман болған жоқ. Барлық шаруашылық иелері рекордтық өнімге қол жеткізіп, қамбаны қазынаға молайтты, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Қалниязов.

Күн өткен сайын шіліңгір шілденің ыстық аптабы күйдіріп барады. Күннің ыстығы күрішке пайдалы, тез пісіп жетіледі. Биыл судың аз мөлшерде болатыны жайында ескертілсе де аудан шаруашылықтары судан тапшылық көрген жоқ. Атыз жағалап еңбек еткен диқан қауымның күтіп баптау жұмыстарының нәтижесінде аудан  бойынша күріштің көгі көңіл қуантады. Жаппай бас­ ала бастаған Сыр салысының шығымын кө­ріп қуанған диқандар биыл да меже биігінен кө­рініп, жылды табыспен қорытындылауды жос­пар­лап отыр.



«Жалағаш жаршысы» газеті, Серік БЕРТАЕВ

 










 



Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz/

Кіру