Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар Елімізде қай мамандық иелерінің жоғары жалақы алатыны белгілі болды

Елімізде қай мамандық иелерінің жоғары жалақы алатыны белгілі болды

2018 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтардың орташа жалақысы 161783 теңге болды. Бұл туралы Статистика комитеті мәлім етті.
12.11.2018 18:54:23 | 257 рет қаралды


"2018 жылғы ІІІ тоқсанда бір қызметкердің орташа айлығы 161783 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанға 109,3%, ал нақты жалақы индексі 103,1%-ды құрды" - делінген хабарламада.

Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 317,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,0 есеге асады), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 290,2 мың теңге (1,8 есеге), өнеркәсіп саласында – 232,2 мың теңге (1,4 есеге), құрылыс саласында – 229,2 мың теңге (1,4 есеге), ақпарат және байланыс саласында – 224,9 мың теңге (1,4 есеге) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 106,4 мың теңге, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 34,2%-ға төмен.

 

Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Атырау облысында белгіленді – 310,6 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есеге асады. Түркістан облысында оның шамасы 98,8 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташадеңгейден 38,9%-ға төмен.



Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру