Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ЕЛІМНІҢ ЖҮРЕГІ - АСТАНА

ЕЛІМНІҢ ЖҮРЕГІ - АСТАНА

Жалағаштықтар Астана күнін ерекше атап өтті. Астананың 20 жылдығына арналған мерекелік думан аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде бар сән-салтанатымен аталып өтті.
08.07.2018 00:37:04 | 220 рет қаралды

 

  Аудан қонақтары мен тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтаған аудан басшысы Қ.Сәрсенбаев:

-        Еліміздің бас қаласының «Астана» атауы, оның мән-мағынасы, ежелгі Сыр халқына басқаларға қарағанда, етене жақын. Бұл өңірде еліміздің қалыптасуында айрықша орын алған қазақтардың үш астанасы болды. Ежелгі Сығанақ қаласы Қыпшақтар астанасы болса, Жанкент шаһары оғыздар мемлекетінің бас қаласы, ал Қызылорда атанған Ақмешіт Қазақстанның алғашқы астанасы еді.  – дей келе, еліміз тыныш болып, Елордамыздың еңсесі биіктей беруіне тілек білдірді. Мерейлі мерекеде бірқатар азаматтарға аудан әкімінің алғысын табыстады.

 Аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің көркемөнерпаздары еліміздің жүрегі - Астана қаласына арналған әсем әуендер шырқап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.


















Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру