Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар Газдандыру жұмыстары бойынша

Газдандыру жұмыстары бойынша

Тереңөзек кентіндегі автоматтандырылған газ тарату станциясынан Жалағаш кентіне дейін магистралдық газ желісін тарту және Жалағаш кентішілік газ желілері құрылысын жүргізу жұмыстарының барысы туралы.
28.11.2019 23:58:35 | 22 рет қаралды

            

         Тереңөзек кентіндегі автоматтандырылған газ тарату станциясынан Жалағаш кентіне дейін магистралдық газ желісін тартуға және Жалағаш кентішілік газ желілері құрылысын жүргізу үшін 2018 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, 2019 жылдың 12 ақпанында мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жоба құны 3,592 млрд теңгені құрайды. Тапсырыс беруші: облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.

         Газдандыру жұмыстарын республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін облыстық басқармалармен ҚР Энергетика министрлігіне бюджеттік өтінім тапсырылды. 2019 жылға  республикалық бюджеттен газдандыру жұмыстарына 1,369 млрд теңге қаржы бөлінді.

         Мемлекеттік сатып алудың қорытындысымен Тереңөзек кентіндегі автоматтандырылған газ тарату станциясынан Жалағаш кентіне дейін магистралдық газ желісін тарту және Жалағаш кентішілік газ желілері құрылысын жүргізетін мердігер мекеме анықталды. Мердігер мекеме «StroyGazCompany» ЖШС (Тараз қаласы).

         Сонымен қатар, техникалық қадағалау қызметіне мемлекеттік сатып алу нәтижесімен жеңімпаз болып «MSK Engineering» ЖШС (Алматы қаласы) танылды.

         Қазіргі таңда мердігер мекеме «StroyGazCompany» ЖШС-мен газ желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде.

         Облыстық басқармалар тарапынан жоба бойынша қалған соманы 2020 жылы республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.

         Жалағаш кентінде, бірінші кезекте, №202 мектептің жылу жүйесін орталықтандырылған газ желісіне қосу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар үшін жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптамадан өтті.



              Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,

                   жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Ақпарат көзі: http://www.zhalagash.gov.kz/

Кіру