Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ҒЫЛЫМИ – ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ҒЫЛЫМИ – ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

18 сәуір - Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай бүгін Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Жалағаш ауданының тарих және мәдениет ескерткіштерін зерттеу мәселелері: жетістіктері мен перспективалары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
17.04.2018 18:49:03 | 158 рет қаралды

18 сәуір - Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне орай бүгін  Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Жалағаш ауданының тарих және мәдениет ескерткіштерін зерттеу мәселелері: жетістіктері мен перспективалары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жанындағы «Археология және этнография» ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Ә.Тәжекеев, осы орталықтың ғылыми қызметкері И.Құрманиязов, аудандық музейдің аға ғылыми қызметкері М.Шөмекей, жергілікті тарихшылар, өлкетанушылар, кент және ауылдық округ әкімдері, музей және мәдениет қызметкерлері, ұстаздар, оқушылар және БАҚ өкілдері қатысты.

Конференцияда аудан көлемінде орналасқан тарихи-мәдени мұраларымызды зерттеу, насихаттау және қамқорлыққа алу жұмыстарын ұйымдастыру және жетілдіру мәселелері талқыланып, тиісті ұсынымдар қабылданды.














 

Ақпарат көзі: http://www.zhalagash.gov.kz/

Кіру