Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар ІЛИЯС ЖҮСІПҰЛЫ ҚАБЫЛОВТЫҢ 115 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ

ІЛИЯС ЖҮСІПҰЛЫ ҚАБЫЛОВТЫҢ 115 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ

Мемлекет және қоғам қайраткері Ілияс Жүсіпұлы Қабыловтың 115 жылдық мерейтойына орай саябақтың және кеуде мүсінінің ашылуы өтті
18.10.2018 16:34:30 | 215 рет қаралды



Бүгін Жалағаш кенті, Дәуімбай елді мекенінде мемлекет және қоғам қайраткері Ілияс Жүсіпұлы Қабыловтың 115 жылдық мерейтойына орай саябақтың және кеуде мүсінінің ашылу салтанаты өтті. Шара айтыскер ақын Айдос Раxметовтің жыр-арнауынан бастау алды.

Мемлекет және қоғам қайраткеріне арналған бюстінің ашылу салтанатының алғашқы сөзін аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы алып,

- Бүгін елі қадір тұтып, өмірге келгеніне 115 жыл толуына орай туған жері Жалағаш ауданының орталығынан Ілияс Қабыловтың ескерткіш-бюсті ашылуда.

Ел ертеңі үшін елеулі істердің атқарылуына себепкер болған қайраткердің өнегелі еңбек жолы мен саналы ғұмыры өскелең ұрпаққа қашан да үлгі болып қала бермек- деді өз сөзінде.

Шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев, қайраткердің немересі Галина Қабылова сөз алып, естеліктермен бөлісті.

Ілияс Қабыловқа арналған бюстті ашу құрметі Қызылорда облыстық мәслиxат xатшысы Наурызбай Сейтқалиұлына және құрметті қонақтарға берілді.



Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру