Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАНСТАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 30 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАНСТАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 30 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Бүгін аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде «Ерлікке тағзым – ұрпақ парызы» атты салтанатты кеш өтті. Жиналған қауым жастық шақтарын соғыс өрті шарпып, өздеріне беймәлім жат ел үшін қан төгіп, қыршын болған ауғандық жауынгерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алды.
22.02.2019 01:10:23 | 175 рет қаралды


Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай әскери интернационалдық борышын өтеген жауынгер жерлестеріміздің құрметіне арналған кештің алғы сөзін аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев алып, ауған соғысы ардагерлерін, бүгінгі бейбіт өмірдің үздік еңбеккерлерін аудан әкімінің Алғыс хатымен,  мерекелік медальмен марапаттады.




-      Сіздер қазақ деген  халықтың  ұлдары  екендеріңізді,  сертке берік, ел дәстүріне адал екендеріңізді  сол ауған жерінде дәлелдедіңіздер. Сондықтан Сіздерге  бүгінгі күні  қандай құрмет көрсетілсе де  жарасымды. Сіздердің ерлік істеріңіз қандай құрметке де лайық, - деді аудан басшысы.

Кеш барысында ауған соғысының тарихынан сыр шертетін көріністер қойылып, ауған соғысының ардагерлері, аудандық Мәдениет үйінің көркемөнерпаздары, ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, аудан мектептерінің  әскери-патриоттық клуб мүшелері өнерлерін ортаға салып, көпшілік көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.




Айта кету керек, ауған соғысына Қызылорда облысы бойынша 800-ге жуық адам аттанса, Жалағаш ауданынан 34 адам қатысқан.

Өткен жылы аудан орталығындағы «Тағзым» аллеясында Ауған соғысына, Семей, Чернобыль апаты зардаптарын жоюға қатысушылардың құрметіне арналған ескерткіш бой көтерді. 

Сонымен қатар, өткен жылы аудан әкімдігінің қаржылай қолдауымен қаламгер, бірнеше кітаптардың авторы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Тұрақ Адисұлының Ауғанстан жеріндегі қанды қасап соғыстың бел ортасында жүрген және жат жерде опат болған жерлестеріміз жайлы сыр шертетін «Жалағаштан Ауғанстанға дейін» кітабы шығарылды.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылы ауған соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында жергілікті бюджеттің есебінен 24 адамға 1 млн 818 мың теңге  30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (әр адамға 75 750 теңгеден) бір дүркін әлеуметтік көмек көрсетілсе, жуық арада облыстық бюджеттен қосымша 2 млн. 424 мың теңге көлемінде  қаражат бөлініп, бір дүркін 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (әр адамға 101 000 теңгеден) материалдық көмек көрсетіледі.





Ақпарат көзі: http://zhalagash.gov.kz

Кіру