Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕЙІРБИКЕЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕЙІРБИКЕЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

12 мамыр - Халықаралық мейірбикелер күніне орай аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмахановтың қатысуымен салтанатты шара өтті.
20.05.2019 19:24:38 | 70 рет қаралды

Аудандағы емдеу және алдын алу ұйымдарында 86 жоғары білімді дәрігер, 463 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасауда.

    12 мамыр - Халықаралық мейірбикелер күніне орай аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмахановтың қатысуымен салтанатты шара өтті.

Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов ақ халатты абзал жандарды төл мейрамымен құттықтап, халықтың алғысына бөлене берулеріне тілектестігін білдірді.

Амбулаториялық-емханалық қызметі бар орталық аурухананың мейірбикелері, сала ардагерлері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрмет граматосымен, аудан әкімінің Алғысымен, «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының, аудандық кәсіподақ ұйымының Алғыс хаттарымен,  марапатталды.

Шара барысында денсаулық сақтау саласының ардагері Қанымкүл Шаханова, кәсіподақ комитетінің төрайымы Ләйлә Елібаева сөз алып, мереке иелерін құттықтады.

Шара аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Айта кету керек, 2015 жылы аудан орталығынан жаңадан бой көтерген ауысымына 250 келушіге арналған үш қабатты типтік жобадағы емхана ғимараты ел игілігіне пайдалануға берілді және заман талабына сай жаңа медициналық құрылғылармен жабдықталды. Қазіргі таңда емханада аудан тұрғындарын спирография, электроэнцефалография, Холтерлік мониторлау тексерулерінен өткізу мүмкіндігіне қол жеткізілді.  

2016 жылы Еңбек ауылдық дәрігерлік емханасының ғимараты ел игілігіне пайдалануға берілді.

Жуық арада 100 орындық аудандық аурухананың құрылысы басталады. Сонымен қатар, жекеменшік - мемлекеттік әріптестік негізінде Ақсу, Мырзабай ахун және Таң елді мекендерінде де дәрігерлік емхана құрылысы басталады.

Ақпарат көзі: -

Кіру