Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар «КӨҢІЛ ӘЙНЕГІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕР САЛТАНАТЫ ӨТТІ

«КӨҢІЛ ӘЙНЕГІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕР САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын, сатирик-журналист Қазына Мералықызы Өзденбаеваның «Көңіл әйнегі» кітабының тұсаукесер салтанаты өтті.
16.05.2018 11:11:54 | 188 рет қаралды

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын, сатирик-журналист Қазына Мералықызы Өзденбаеваның «Көңіл әйнегі» кітабының тұсаукесер салтанаты өтті. Салтанатты шарада аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев  Киелі Жалағаш топырағында дүниеге келіп, сұлу Сырдың жағасында сөз өнерін бойына сіңірген қарымды қаламгер, ерен еңбегімен ел құрметіне бөленген, еңбектің пірі атанған, Сыр елінің мақтанышы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Қазына Өзденбаеваның «Көңіл әйнегі» атты кітабының тұсау кесер рәсімімен құттықтап, ауданның Құрмет грамотасын және сый-сыяпат көрсетті. Шарада сонымен қатар ақынның өлеңдеріне арқау болған тракторшы апамыз, Еңбек Қызыл ту орденінің иегері Г.Қуандықова мен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Қ.Жәленова, «Көңіл әйнегі» кітабының баспадан шығуына демеушілік көрсеткен жеке кәсіпкер Б.Мырзағалиев, Р.Ералы сөз алып, естеліктерімен бөлісті.

Шарада автордың сөзіне жазылған әндері, өлең – жырлары, толғауы, сатиралық туындылары орындалып, жыр сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді.







Ақпарат көзі: http://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру