Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер

КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС

Бүгін Жалағаш ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің көшпелі отырысы өткізілді.
15.02.2018 20:13:25 | 339 рет қаралды

Бүгін Жалағаш ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің көшпелі отырысы өткізілді.

Жиынға Жалағаш ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, кент, ауылдық округ әкімдері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлері қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов бүгінгі отырыс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес Мемлекеттік қызметті өткеру, Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау мен Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері бойынша өткізіліп отырғандығын атап өтіп,  осы департамент басшысының орынбасары Б.Байхожаевқа сөз кезегін ұсынды.  

Б. Байхожаев сөзінде Елбасының 2018 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында негізгі басымды бағыттар ретінде мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін атап өткендігін айтты. Осы орайда, алдымызда жүзеге асырылуы тиіс ауқымды міндеттер тұр. Бүгінгі жиында біз Сіздермен алда тұрған негізгі мақсаттар мен міндеттерді айқындап белгілеп алатын боламыз. Аудандағы әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысы, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау мен  сыбайлас жемқорлық жағдайы мен профилактикалық шаралар жүргізу мәселесіне тоқталсақ деген мақсатымыз бар деді.      

Отырыста департаменттің салалық басқарма басшылары өз баяндамаларын жасады:

- Мемлекеттік қызмет істері басқармасының басшысы Е.Ә.Сарымбетов;

- Мемлекеттік қызмет істері саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қ.Ә.Әбілдаев;

- Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы М.Ж.Байқуатова;

- Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.О.Ізкенов.

 

Мәжіліс барысында Қызылорда облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Б.Ж. Ідірісов хабарлама жасады.

Отырыс соңында қатысушылар мемлекеттік қызметтер көрсету мәселері бойынша өз пікірлерін білдіріп сұрақтарын қойды.


-




М.Байқуатова










Б.Ідірісов




Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру