Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар КҮЛКІГЕ ҚАРЫҚ ҚЫЛДЫ

КҮЛКІГЕ ҚАРЫҚ ҚЫЛДЫ

Қ.Қазантаев атындағы мəдениет Үйінде Қызылорда КВН филиалы мен «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жалағаш аудандық Жайдарман ойындарының 1/8 финалдық сайысы болып өтті.
19.11.2018 18:19:56 | 141 рет қаралды


Жалағаш аудандық Жайдарман ойындарының финалына барлығы 17 команда қатысты. Жайдарлы Жайдарман ойындарының 1/8 финалына Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Н.Амандық, ҚМУ ректорының жастар ісі жөніндегі төрағасы Н.Пірназар, Қызылорда КВН филиалының жоба үйлестірушісі Х.Аманбаев әділ-қазылық жасады.Тартысқа толы болған жайдарманның ¼ финалдық сайысына 12 команда жолдама алды.

Аталмыш жайдарман ойындарының 1/8 финалында Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің арнайы кубогы мен дипломын №201 орта мектептің «Тәттілер» командасы иеленді.

Алдағы қаңтар айында өткізілетін ¼ финалдық сайысына жолдама алған командаларға сәттілік тілейміз.

Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру