Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар Күн сәулесі – сарқылмас энергия

Күн сәулесі – сарқылмас энергия

Енді, өзімізде өндірілген электр энергияның игілігін көретін күн алыс емес. Жуырда өңірде қуаттылығы 30 МВт күн электр станциясының құрылысы басталады. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Алтынбек Дәрібаев қоғамдық қабылдау жиынында мәлімдеді.
18.07.2018 00:11:00 | 255 рет қаралды

 

Күн сәулесі – болашақтың сарқылмас энергиясы. Аталған жоба сәтті жүзеге асса, ең алдымен өңірдің экономикалық дамуына оң ықпалын тигізеді. Өзгеге тәуелділіктен арылып, тариф бағамын реттеуге де мол мүмкіндік туады. Осы мәселені жан-жақты талқылаған мамандар электр станция салынатын орынды көріп, одан шығатын қуат көзімен танысты.

– Әлемнің озық мемлекеттері жасыл экономикаға көше бастады. Біздің ел де осыған аяқ басып келеді. Міне, енді жасыл энергия Жалағашқа келгелі тұр. Ең бастысы, экологиялық қауіпсіздігі зерттеліп, тиімділігі анықталса, болашағы жарқын жоба деп білемін, – деді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев.

Айта кетейік, бұл станцияның құрылыс жұмыстарын жүргізуге инвестор «Номад Солар» серіктестігі ниет білдіріп отыр. Станция салуға кенттің шығыс аумағынан 164 гектар жер телімі бөлінген. Күн сәулесінен қуат алатын құрылғылар орнатылып, станция іске қосылғаннан кейін мұнда шамамен 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

 

«Жалағаш жаршысы» газеті, Н.ҚАЗБЕКОВ

 



Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz/

Кіру