Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Мем. қызметтер
Басты бет Жаңалықтар КҮН СӘУЛЕСІНЕН ЭНЕРГИЯ ӨНДІРЕТІН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

КҮН СӘУЛЕСІНЕН ЭНЕРГИЯ ӨНДІРЕТІН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жалағаш ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев мәлімдеді.
28.01.2019 13:21:34 | 184 рет қаралды


Ағымдағы жылы жаңартылған энергия көздерін өндіру мақсатында Жалағаш ауданының шығыс жақ бөлігінде 30 мВт күн сәулесінен энергия өндіретін электр станциясын салу жоспарлануда. Жобаның бастамашысы «Nomad Solar» ЖШС.

- Бұл жобаның аудан үшін маңызы зор. Жоба іске асқан уақытта 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, жергілікті бюджетке жыл сайын 120,0 млн теңге көлемінде кіріс кіретін болады. Әрине, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізетіні сөзсіз,-деді аудан басшысы.

Жобаны жүзеге асыру мақсатында кент аумағынан 164 га жер учаскесі табысталды. Жобаны Греция мемлекетінің «Метка» компаниясы жүзеге асыратын болады.

Жобаның болжамдық құны 19,0 млрд теңгені құрайды.

Ақпарат көзі: http://zhalagash.gov.kz

Кіру