Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар ЛАГЕРДЕГІ РОБОТОТЕХНИКА

ЛАГЕРДЕГІ РОБОТОТЕХНИКА

№31 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ – АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ ІРГЕЛІ БІЛІМ ОШАҚТАРЫНЫҢ БІРІ. БҮГІНГІ ТАҢДА АТАЛҒАН БІЛІМ ОШАҒЫ ОҚУШЫЛАРҒА САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ­МЕН ҚАТАР, МЕКТЕП ЖАНЫНАН «РА­ДУГА» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІН АШЫП, ЖҰМЫС ЖАСАУДА. ҚАЗІРДЕ ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІ ЕКІ АУ­ЫСЫМ БОЙЫНША ЖҮЗ БАЛАНЫ ҚАБЫЛДАУҒА МҮМКІНДІГІ БАР. МЕК­ТЕП ЖАНЫНАН АШЫЛҒАН ЛАГЕРДІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСУ БАРЫСЫНДА ТҮРЛІ ҮЙІРМЕЛЕР АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ УАҚЫТТАРЫНЫҢ ТИІМДІ ӨТІП ЖАТҚАНЫН БАЙҚАДЫҚ.
18.06.2018 11:42:46 | 255 рет қаралды

 Ең алдымен жазғы лагердің басшысы Жа­нат Шәмшіқызы үйірмелер жұмысымен таныстырды. Бізді елең еткізгені, жаңадан ашылған робототехника үйірмесі. Жалпы, робототехника – роботтардың құрылысымен, жұмысымен, оған қоса оларды басқарумен айналысатын ғылыми технологияның саласы. Қазіргі таңда әлемде ро­бототехника ғылымы үлкен сұранысқа ие болып отыр. Қазақстан да дамыған елдер қатарына қосылуда ғылыми-техникалық прогрестен шет қалмауы тиіс. Аталған мектеп-лицейдің негізгі мақсаты да осы. Яғни, лагер демалушыла­рын робототехника үйірмесіне қатыстыра оты­рып, олардың бірі-бірімен ғылыми-техникалық идеялар, техникалық, инженерлік білімдерін шыңдап, тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру. Үйірме жетекшісінің айтуынша, робототехника кабинеті бір мезетте 12 баланы ғана қамти ала­ды. Балалардың ғылымға қызығушылығының жоғары екені соншалық ауысымдағы 60 бала кезекке тұрады екен. Тынығушылар робот­тарды құрастыруды, оларды құрылғы арқылы басқаруды жетік меңгеріп алған. Тіпті, 7-9 сынып оқушылары Серік Бақдәулет пен Ким Александр жарысқа қатысып, «Робофутбол» номинациясы­мен марапатталып үлгерген.

Мұнан өзге, лагерде тіл мектебі жұмыс жа­сайды. Маржан Қуаныш, Динара Омар, Ин­дира Маханбеталиева жетекшілік ететін үйірме қатысушылары үш тілді үйренеді. Ал, шығармашылыққа жаны жақын оқушылар су­рет үйірмесіне қатыса алады. Онда өз қиялын бояумен ақ қағаз бетіне түсіріп, ойын жетілдіре алады. «Радуга» лагерінде салауатты өмір сал­тын ұстанушыларға да жағдай жасалған. Жазғы тынығу орнының тыныс-тіршілігімен танысу ба­рысында спорттық жарысқа да куә болдық. Командаларға бөлінген балалар түрлі спорт түрінен сынға түсіп, бақтарын сынады. Жеңімпаз командаларды аудандық «Жастар денсаулығы орталығы» құрылымдық бөлімшесінің дәрігері А.Бектаева бағалы сыйлықтармен марапат­тап, жазғы демалыстарының тиімді әрі қызықты өтуіне тілектестігін білдірді.

Шынында, заман талабына сай заманауи технологияларды, үштілділікті балаларға меңгертуде алдына жан салмайтын тәлімгерлер мен лагер ұжымының жұмысы көңіл қуантарлық. Тың идеяларды тудыратын, жаңашыл, бастамашыл жастарды тәрбиелеудегі елеулі еңбектеріңізге жеміс тілейміз.

 

Н.АЛМАС, М.АХМЕТОВ (сурет).

https://zhalagash-zharshysy.kz


Ақпарат көзі: https://zhalagash-zharshysy.kz

Кіру