Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.
24.05.2018 12:39:35 | 226 рет қаралды

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай аудандық Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев:

- Кез-келген елдің, қоғамның даму деңгейін оның мәдениеті мен өнерінің дамуынан байқауға болады. «Мәдениеті өскен ел - өркениетке көшкен ел» - деп Елбасымыз айтқандай, қоғам дамуы сол елдің мәдениетінің дамуымен өлшенеді, - дей келе аудан мәдениетінің өсіп – өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтарды облыс, аудан әкімінің алғысымен марапаттады. Аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры М.Бимановаға құрметті зейнет демалысына шығуына орай аудан әкімінің құттықтауын және сый-сыяпат көрсетті.

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Ж.Аққұлов, Қ.Бекіш сынды Жалағаш топырағынан туып-өсіп, аудан мерейін ел көлемінде асқақтатып жүрген азаматтар өздерінің ізгі лебіздерін бейнеролик арқылы жолдады.

Шарада аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің көркемөнерпаздары, қонақтар, мектеп оқушылары жиылған жұртшылыққа биден шашу шашып, күмбірлете күй төгіп, әуелете ән шырқады.













Ақпарат көзі: zhalagash.gov.kz

Кіру