Русский Қазақша

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ

Әкімдігінің ресми интернет - ресурсы

ІЗДЕУ
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Инфрақұрылым
Қоғам
Мем. қызметтер
Байланыс
Әкім блогы
Анықтама
Сайт картасы Аудан әкімі аппараты
Аудан
Билік
Құқық
Экономика
Бизнес
Басты бет Жаңалықтар МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

М.Шәменов ауылындағы білім ошағының апатты жағдайда екенін осыған дейінгі аудан әкімінің есебінде жергілікті тұрғындар өңір басшысының назарына салған еді. Тіпті бұл мәселе тәуелсіз телеарна тілшілерінің де қаламына арқау болды. Ауыл мектебінің қазіргі ахуалына байланысты аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев та алаңдаушылық білдіретінін жеткізіп, жуық арада тиісті жұмыстар жүзеге асатынын айтқан болатын. Көп ұзамай аталған елді мекенде жаңа білім ошағы бой көтеретін болған. Қазіргі таңда жаңа нысанның құрылысы басталып та кетті.
18.07.2019 19:20:41 | 24 рет қаралды

Мектеп құрылысының жұмысына тапсырыс беруші – облыстық құрылыс сәулет және қала құрылысы басқармасы. Ал бас жобалаушы – «Проект сервис» ЖШС. Бас мердігер «Интегрострой» ЖШС мектеп құрылысын келер жылы аяқтап, ел игілігіне беруді көздеп отыр. Мамыр айында басталған құрылыстың жалпы құны – 689 млн 427 мың теңге. 
Бұл ауданда білім саласына жасалып жатқан бір ғана жағдай емес. Саланың серпін алуына дем беретін қарқынды қолдауды ұстаздар мен оқушылар да жақсы біледі. Бір қуанарлығы, бұл жұмыстар жемісін беріп жатыр. Мәселен, Жалағаш ауданының түлектері ҰБТ-ны соңғы 4-5 жылда үлкен жетістікпен қорытындылап келеді. Биыл да бұл дәстүр өз сабақтастығын үзген жоқ.
Қарымды қаламгер атындағы ауылдағы білім ошағының бой көтеруі жергілікті тұрғындардың да көз қуанышына айналды. Тіпті мектеп ұжымы да жаңа нысанда білім алу оқушыларға қолайлы екенін айтады.

Ақпарат көзі: -

Кіру